Түркияның “Қаған” деп аталатын 5-буынның бомбалаушы ұшағы екінші мәрте сынақтан өтті

1115
Adyrna.kz Telegram

Түркия Президенті жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының қолдауымен, Turkish Aerospace Industries (TAI) әзірлеген KAAN “қаған” ұлттық жауынгерлік ұшағы екінші мәрте сынақтан сәтті өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Агенттік мәлімдемесіне сәйкес, 10 мамыр күні екінші мәрте көкке көтерілген KAAN жауынгерлік ұшағы 10 мың фут биіктікте 230 түйін жылдамдықпен 14 минут бойы ұшқан.

Қорғаныс өнеркәсібі дирекциясының басшысы Халук Гөргүн KAAN-ның екінші рейсі аяқталғаннан кейін сынақтан өткізген ұшқыштармен және жобаны жасаушы топпен кездесті.

Ол тағы бір тарихи сәттің орын алғанын айтып, осы оқиғаның куәгері болғаны үшін алғысын жаудырды.

«Түрік авиация және қорғаныс өнеркәсібі тарихында тағы бір маңызды күнге куә болдық. Бүгін біздің жойғыш ұшағымыз екінші ұшуын орындады. Ол 21 ақпанда алғашқы рейсін жасаған болатын. Бүгін бірінші рейстен алынған мәліметтер бағаланып, талданғаннан кейін екінші рейске дайындық аяқталды. Осы рейстен алынған тәжірибені бүкіл команда бағалайды және алдағы рейстерге дайындық жалғасады. Біз барлық қызметкерлерімізге, инженерлерге, ұшқыштарымызға және сынақ жасаған ұшқыштарымызға күш-жігерлері үшін алғыс білдіреміз және елімізге сәттілік тілейміз» деді Гөргүн.

Пікірлер