Зорлық жасады деп айыпталған дипломаттың әйелі Астанадағы дағдарыс орталығына орналасты

1023
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш Астанадағы «Қорғау» дағдарыс орталығына орналасты. Бұл туралы «Қорғау» дағдарыс орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Каринаны әуежайда оның жақын достары күтіп алды, бірақ күйеуінің туыстары да келді. Балалары үшін қорыққан ол дағдарыс орталығына жүгінген. Қазіргі уақытта ол әпкесі және балаларымен бірге Дағдарыс орталығында орналасқан, психолог пен заңгердің көмегі мен қызметін алуда», - деп хабарлады «Қорғау» дағдарыс орталығынан.

Айта кетейік, «Қорғау» дағдарыс орталығы – зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға арналған баспана. Онда олар тегін психологиялық және заңгерлік көмек ала алады.

Бұған дейін Карина Мамаш әлеуметтік желіде елші күйеуі оны 10 жыл бойы ұрғанын мәлімдеген болатын. 5 мамырда үлкен әпкесімен бірге соққыға жығылған.

Кейін Сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты Қазақстанға шұғыл шақыртып алғанын хабарладық. 

Пікірлер