ForteBank кешірім сұрап, қазақтілді жобалар туралы хабарлады

707
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қазақ тілін міндетті санамаған «ForteBank» АҚ ресми өкілі Гүлнұр Аралбаева қателік кімнен кеткенін айтып, түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Кешеден бері ел арасында наразылық пен түсініспеушілік тудырып жатқан ForteBank атынан қазақ тілі талап етілмеген бос жұмыс орны бойынша Headhunter сайтындағы хабарландыруға қатысты түсініктеме беруді жөн көрдік. Тіл мәселесі, оның ішінде қазақ тілі елімізде өте маңызды екендігін түсінеміз және орын алған осы жағдай үшін шын жүректен кешірім сұраймыз», — дейді Аралбаева.

Сондай-ақ банк мамандары шұғыл түрде тексеріс жүргізіп, роботтан қателік кеткенін анықтаған. Ал жауапты қызметкер жазаланған.

«Түсіндіре кетейік, Forte-де бос орын туралы хабарламаны жасанды интеллектке негізделген робот рекрутер автоматты түрде headhunter сайтына жібереді. Осы жолы да солай болды. Ал жауапты қызметкер хабарлама мәтінін тексермеген. Бұл өрескел қателік адами фактордың кесірінен орын алған. Қазіргі таңда кінәлі қызметкерлер тиісті жазасын алды», — дейді банк өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін желіде тарап кеткен жазбада жұмысқа қабылдау талаптарының бірі деп «Forte Bank»  өкілдері «Қазақ тілі міндетті емес» екенін жазғанын және ол  әлеуметтік желі қолданушылары арасында шу тудырған еді.

Пікірлер