Көкшетаудағы 89 көшенің атауы латын әліпбиіне ауыстырылды

2803
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының орталығында 400-ге жуық көше бар. Соның 206-сы қазақ тілінде жазылған, - деп хабарлайды "Хабар 24". Бұл туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі хабарлады.

Жыл басынан бері мамандар қала тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Арнайы сенім телефоны да іске қосылған. Оған 500-ден аса адам қоңырау шалып, консультациялық көмек алыпты. Халық көп шоғырланған жерлерде латын әліпбиіне қатысты іс шаралар да өткізіліп тұрады. Мәселен, "Латын әліпбиімен жазайық" атты акция сауда орындарында ұйымдастырылды. Онда әрбір тұрғын латын қаріпімен жазып, өз сауаттылығын тексеру мүмкіндігіне ие болды. Ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары заңға сәйкес өткізілді. "Бүгінгі күні Көкшетау қаласы бойынша көрнекі ақпараттың 40 проценті латын әрпімен жазылған деп айтуға болады. Сонымен қатар Көкшетау қаласының, қала әкімдігінің барлық мемлекеттік мекемелердің тақтайшалары 10 пайыз латын әрпімен жазылған", - дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Дина Бейсембаева.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер