Си Цзиньпин жаһандық «Олимпиада бітімін» қолдады

662
Adyrna.kz Telegram

5 мамыр күні Қытай басшысы Си Цзиньпин Францияға сапарлап, Эммануэль Макронмен кездесті. Сапар барысында ол бүкіл әлемдегі қақтығысушыларды бітімге келуге шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қытай басшысы Си Цзиньпин Францияға сапары барысында Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары кезінде барлық елдердің бітімге келу қажеттігін мәлімдеді. Си Эммануэль Макронмен бірлескен баспасөз мәслихатында айтқандай, бұл екі елдің бірлескен бастамасы, өйткені «бүгінгі әлем қауіпті күйде».

Француз президенті Париждегі Олимпиада кезінде «барлық ұрысқа қатысушыларды» атысты тоқтату идеясын қолдағаны үшін Сиге алғыс айтты.

Қытай Халық Республикасының басшысы Украина төңірегіндегі жағдайға да тоқталды. Си Цзиньпин айтқандай, Қытай, Франция және ЕО шиеленіске қарсы тұру және бейбіт келіссөздер үшін жағдай жасау мақсатында бірлесіп жұмыс істеуі керек.

Пікірлер