Шетелдіктер мен қазақстандықтардың жалақысы әділ берілуі керек – Президент

2583
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/07/image_l-1-7.jpg
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға көңіл бөлуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Биыл 4 маусымда Атырау қаласында бірдей еңбек ететін жергілікті және шетелдік жұмысшылардың жалақысын әділ беруді тапсырған болатынмын. Үкіметке бұл мәселені соңына дейін анықтауды тапсырамын. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин – ред.), еңбек жағдайы, жұмысшылардың жалақысы бойынша егжей-тегжейлі сараптама жасауыңызды сұраймын. Егер инвесторлармен келісімшартқа өзгеріс енгізу қажет болса, мұны күн тәртібінен түсірмеген жөн. Әрине, бұл оңай жұмыс емес, түсінемін, бірақ бұл мәселені шешу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Президент ұлттық мүддені қорғаудың барлық мемлекеттік орган үшін маңызды екенін атап өтті. «Қазақстандық мамандардың, жұмысшылардың тиісті біліктілік алуына да ерекше көңіл бөлу керек», - деді Мемлекет басшысы.  

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии