Қазақстан шекарасына жақын маңда. Ресей ядролық қаруды қолдану бойынша жаттығу өткізбек

780
Adyrna.kz Telegram

Ресей қорғаныс министрлігі Оңтүстік әскери округінде стратегиялық емес ядролық қаруды қолдануға дайындық бойынша оқу-жаттығулар өтетінін хабарлады. Оңтүстік әскери округіне Қазақстанмен шекаралас аймақтар да кіреді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеп.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей армиясының бас штабы Оңтүстік әскери округі мен Әскери-теңіз күштерінің зымыран құрамаларының қатысуымен жаттығуларға дайындалуда.

Оқу-жаттығудың мақсаты – «стратегиялық емес ядролық күштердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыру». 

Ресей Федерациясының Оңтүстік әскери округіне Қазақстанмен шекаралас екі облыс кіреді: Астрахань және Волгоград облыстары.

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында талқыланатын тактикалық ядролық қарулар салыстырмалы түрде қысқа қашықтықтағы және қуатты ядролық оқтұмсықтары бар зымырандар. Стратегиялық ядролық қарудан айырмашылығы, тактикалық қарулар тікелей майдан шебінде, жаудың жеке құрамы мен техникасына қарсы гипотетикалық қолдануға арналған.

Айта кетейік, 2024 жылдың наурызында Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының «егемендігіне қауіп төнген жағдайда» ядролық қаруды қолдануға дайын екенін растаған еді.

Пікірлер