Қазақстандағы ең бай адам кім? Forbes тізім жариялады

1234
Adyrna.kz Telegram

Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жариялады. Тізімге алты қазақстандық кірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Тізім бойынша, 511-орында Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы – Вячеслав Ким тұр. Оның активтері 5,8 млрд долларға бағаланған.

Одан кейін 612-орын Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі. Олардың әрқайсысының байлығы 5 млрд долларды құрайды.

Ал 896-орын бұған дейін елдегі ең ауқатты адам саналып келген Владимир Кимге бұйырған. Кәсіпкер «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің негізгі иесі.

Forbes дерегінше оның байлығы 3,6 млрд долларды құрайды.  

Ең бақуатты қазақстандықтардың қатарында 36 жастағы Тимур Турлов бар. Forbes журналының нақты уақыт режиміндегі миллиардерлер рейтингінде ол 3,3 млрд доллар байлығымен 991-орында тұр. Бизнесмен Freedom Holding Corp инвестициялық тобының негізін қалаушы және негізгі иесі.

Ең бай қазақстандықтар тізімін 1238-орында тұрған Болат Өтемұратов қорытындылады. Журнал оның байлығын 2,7 млрд долларға бағалады. Ол «ForteBank» АҚ 89,32% акциясына ие. Бұдан басқа қонақүйлер желісі, фаст-фуд желісі сынды активтері бар.

Қазақстандағы топ-10 бай адам:

1. Вячеслав Ким 5,8 миллиард доллар;

2. Тимур Құлыбаев $5 млрд;

3. Динара Құлыбаева $5 млрд;

4. Владимир Ким 3,6 миллиард доллар; 

5. Тимур Турлов 3,3 миллиард доллар; 

6. Болат Өтемұратов $2,7 млрд; 

7. Ибрагимовтар отбасы $1,5 млрд;

8. Нұрлан Смағұлов 980 миллион доллар;

9. Сәрсеновтер отбасы 970 миллион доллар;

10. Арсен Томский 920 миллион доллар (жаңадан келген, InDriver негізін қалаушы).

Пікірлер