Егеменнің қара нары

428
Adyrna.kz Telegram

Темірдей тəртіпті сүйтін, өзі ерінбей еңбек ететін, тапсырманың орындалуын қатаң талап ететін басшы жұрттың бəріне бірдей ұнай бермесі аян. 20 ғасырдың 70 жылдары жариялылық деген желекпе науқан басталып, басыны ұжымның өзі сайлайтын, жұмысының бағасын əріптестері беретін болғанда мақтаулы мінездеме ала алмай Ержұман Өтешұлының еңсесі біраз түседі.

Соның нəтижесінде 1979 жылдан бастап республикалық «Лениншіл жас» газетінде редактордың орынбасары болған Ержұман Смайыл 1987 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясына қайтып оралады. Ендігіде атқаратын қызметі – партия тұрмысының меңгерушісі. Бұл кезде басшы кадрлар өзіне резерв даярлауы керек деген тағы бір бастама шаң берген болатын. Əр басшы өзіне 3 адамднан ізбасар əзірлеп, олардың бас-басына мінездеме беріп, оны Орталық партия комитетінің бюросына бекітіп алуға тиіс болды. Соның кезегі Сарбас Ақтаевқа келгенде ол басылым басшысының бірінші орынбасары ретінде Сауытбек Əбдрахманов, Ержұман Смайыл жəне Қадір Əлімқұловты таңдап, солардың мінездемесін бюрода бекіттірді. Көп ұзамай, Ержұман Смайыл бас редактордың идеология жөніндегі орынбасары болды.
Ширек ғасырға таяған өмірін осы газетке арнады. Келген жылынан бастап 20 жыл бойы газетте бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары сияқты қызметтерде болды. Бас басылымның ұжымын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, газеттің мерейін асырып, мəртебесін көтеруге жан аямай атсалысты. Арасында бір жарым жылдай бірінші басшы да болды. 1998 жылы бас редактор болып тағайындалды. 2003-2004 жылдары болса «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы президенті, кейіннен вице-президенті болды.
25 жыл бойы бас газеттің атақ-абыройы үшін баспа жолының ыстығы мен суығын кешкен, өзі ғана емес, өзгені де солай тəрбиелеген Ержұман Өтешұлы сияқты алып ер тұрға кемде-кем.

Бекзат ТУЛЕПБЕРГЕНОВ

Пікірлер