Ақын кеш қаржысын тасқыннан зардап шеккендерге аударды

1563
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ақын  Желтоқсан қаһарманына арналған шығармашылық кешінің қаржысын тасқынға жәрдемге бөлгенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақын Аманғазы Кәріпжан Желтоқсан қаһарманының құрметіне ұйымдастырылған шығармашылық кештен жиналған қаржыны су тасқынынан зардап шеккендерге аударды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Театрда өткен мерейтойлық шығармашылық және қайырымдылық концерттік кешімді әуелі тасқын су апатына байланысты өз қалта қаражатыммен билетсіз тегін өткізіп, елден салынған азғана ақшаны көмек қорына жібердім. Сондай-ақ, бұл шараны Желтоқсан құрбаны Ербол Сыпатаевтың туғанына 60 жыл толуына арнадым", - деп жазды ақын.

Ол бағдарламаның жарнамасын түрлі желі, топтардан көріп келгендерге, үлесін қосқан әріптестері мен БАҚ өкілдеріне алғысын айтты.

Пікірлер