Қазақ жастарын біріктірген "Жас азамат" ұйымы құрылған күн

789
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

1918 жылы 5 мамыр күні Бүкілқазақ жастарының съезінде «Жас азамат» жастар ұйымы құрылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

106 жыл бұрын құрылған «Жас азамат» ұйымының мақсаты – қазақ жастарын біріктіру, ұлттық мүддені қорғау болатын.

«Жас азамат» - Алаш автономиясын қолдаған, Кеңес үкіметін орнатуға қарсы күресуге үгіттеген ұйым. 1918 жылы 5–13 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен жалпықазақ жастарының съезінде барлық қазақ жастары біріккен.

Ұйымның басқармасы да осы съезде сайланды. Төрағалыққа – М.Мырзаұлы, басқарма мүшелігіне – С.Садуақасов, М.Сейітов, Г.Досымбекова, Ә.Байділдин бекітілді.

Ал ұйымның органы – “Жас азамат” газетінің жауапты шығарушысы болып Қ.Кемеңгеров тағайындалған болатын. Ал "Жас азамат" газеті Петропавлда жарияланып тұрған алашшыл қазақ жастарының тұңғыш газеті. 1918 жылы 30 шілдеде 1-саны шыққан. Бізге белгілі 22-нөмірі 1919 жылы 8 ақпанда жарық көрген.

Пікірлер