Алматыда алғаш рет  саха шеберлері жасаған ұлттық аспаптардан көрме ұйымдастырылды  

875
Adyrna.kz Telegram

Мәдениеттің ошағы Алматы қаласында Саха республикасының күндері аясында ұлттық аспаптардан көрме ұйымдастырлды. Көрме аясында Ықылас атындағы Халық аспаптар музейіне 9 экспонат қойылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

« Ғасырлар үні» деп аталатын көрмеге саха шеберлерінің қолынан шыққан ұлттық аспаптар экспонат ретінде қойылды. Мәдени іс-шара шеңберінде мұражайға келушілер «Қыл саха» этно тобының концертін тамашалады. Онда ұлттық ішекті аспаптарда туындылар орындалды.

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықованың айтуынша, Саха Республикасының экспонаттарынң көрмесі елімізде алғаш рет өткізіліп отыр екен.

– Алматы қаласының музейлер бірлестігі мен Саха Республикасының ұлттық аспаптар музейі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылған. Сол меморандумның негізінде көрмені ұйымдастырып отырмыз.Биыл елімізге алғаш рет Саха Республикасының экспонаттарының көрмесі қойылды, – деді Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.

Жалпы, аталмыш көрмеге Якутияның XX-XXI ғасырдағы атақты шеберлері жасаған аспабы әкелінген. Музейге ағаш, жануарлардың терісі, мүйізі, тұяғы сынды табиғи материалдардан жасалған ішекті, садақ ішекті, ұрмалы музыкалық аспаптар жеткізілген.

Айта кетейік, іс-шара 21 сәуірде басталған. Оның барысында түрлі көрме ұйымдастырылып, шығармашылық кездесу өтті.

 

 

Пікірлер