Жаңатаста кәмелетке толмаған баланы зорлаған балабақша күзетшісі 20 жылға сотталды

1562
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында 12 жастағы оқушы қызды зорлағаны үшін «Айгөлек» балабақшасының күзетшісі 20 жылға сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Жамбыл облысы ІІД кәмелетке толмаған баланы зорлады деп айыпталған сотталушы М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 120-бабы, 4-бөлігі). (...) Қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін ескере отырып, айыпталушы М.-ды жасаған қылмысы өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан шектей отырып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деінген Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының хабарламасында.

Прокурор айыпталушы М.-ны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Зардап шеккен тарап айыптаушы тараптың ұстанымын қолдады. Сотталушы М., кінәсін мойындамады.

«Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 3 миллион теңге моральдық шығын өндірілді, ойын-сауық шығындары үшін 300 мың теңге материалдық шығын өндірілді», - делінген хабарламада.

Айтуынша, сотталушының кінәсі жәбірленушінің, жәбірленушінің заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және заттай дәлелдемелермен объективті түрде расталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Белгілі болғандай, 55 жастағы күдікті 12 жастағы оқушы қызбен ұзақ уақыт бойы интимдік қарым-қатынаста болған. Анасының айтуынша, ер адам мектеп оқушысына телефон беріп, онымен қалағанын жасаған. Нәтижесінде ол одан жүкті болып, анасына бар шындықты айтуды шешті. Алайда түрлі байланыстары бар күдікті жәбірленушіні бопсалаған болып шықты.

Пікірлер