Тәжікстан көріпкелдермен және заңсыз діни курстармен күреседі

1591
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстан ішкі істер министрлігі көріпкелдер мен заңсыз діни оқытуларға қатысты тәртіпті қатаңдататынын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Мәлімдеме Тәжікстан ІІМ ресми сайтында жарияланды. 

"Тәжікстан Республикасының аумағында Тәжікстан Республикасының «Дәстүрлерді, мерекелер мен жоралғыларды ретке келтіру туралы», «Тәжікстанның жауапкершілігі туралы» заңдарының талаптарын сақтамаумен байланысты бұзушылықтардың алдын алу бойынша тексеру-профилактикалық жұмыстары жалғасуда. Бұл тұста "Ата-аналардың балаларын оқыту мен тәрбиелеу туралы», «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» және т.б. шаралары атқарылуда" делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, бақсылықпен, заңсыз діни іліммен айналысатын тұлғаларға, бойтұмар мен түрлі белгілер тарататын молдаларға бақылау жүргізіліп, мұндай тұлғаларға бірыңғай тіркеу тізілімі енгізілгені аталды.

"Осындай құқық бұзушылықтарға байланысты Тәжікстан Республикасының заңнамасына қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.
Алаяқтықпен (бақсылық, көріпкелдік, бойтұмарлар мен тұмарлар тарату, заңсыз діни уағыздар жүргізу) арқылы күн көретін тұлғалар 6 айға дейін мәжбүрлі жұмысқа тартылады" делінген министрлік хабарламасында.

Пікірлер