Үш адамның өліміне себеп болған Алматыдағы автобус апатына қатысты сот тікелей эфирде өтетіні айтылды

1503
Adyrna.kz Telegram

Алматыда автобус жүргізушісін ұрып, үш адамның өліміне себепші болған ер адамға қатысты сот отырысы тікелей эфирде өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Жоғарғы соттың мәлімдемесіне сілтеп.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырған деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді.

Жоғарғы сот пен сот әкімшілігі қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Сот отырысы Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2024 жылың 24 сәуір күні сағат 15:00-де өтеді. Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы соттың YouTube-арнасында көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Алматыда 2023 жылғы 22 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрған, ол есінен танып, көлікті басқара алмай бірнеше адамды басып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан 3 адам қаза тапты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер