Алматы индустриялық аймағындағы компаниялар 800 млрд теңгеге жуық өнім өндірді

340
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының индустриялық аймағында өткен жылы үш бірдей ірі өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды. Жобаның жалпы құны 4,8 млрд тегені құрайды. Бұл туралы Алматының индустриялық аймағының директоры Алишер Сатыбалдиев  айтты.

Былтыр Алматы индустриялық аумағында  «Ирригатор Қазақстан» ЖШС-жоғары қысымды полиэтиленнен, сондай-ақ төмен қысымды полиэтиленнен жасалған полиэтилен құбырлары мен тамшы желілерін шығаратын,  «БСФ» ЖШС-лак-бояу өнімдерін өндіретін және «Әлем Тынысы» ЖШС атауымен салқындатқыш сұйықтықтарды өңдейтін зауыт ашылған. Нәтижесінде 229 жаңа жұмыс орны құрылған болатын. 1 жылдың ішінде Алматының индустриялық аймағындағы компаниялар 796,6 млрд теңгеге өнім өндіріп, 9,2 млрд теңгеге салық төледі.

«Өңірлік үйлестіру кеңесінің 9 отырысының қорытындысы бойынша өткен жылы индустриялық аймаққа қатысушылардың тізіліміне жалпы жеке инвестиция сомасы 305,1 млрд теңгені құрайтын және 5 933 жаңа жұмыс орнын құратын 32 жаңа компания енгізілді. Алматы индустриялық аймағына барлығы 497,85 млрд теңгеге жобалары бар, 12 398 жұмыс орнын құрып отырған 91 компания қатысып отыр»-деді    Әлішер Сатыбалдиев.

Жалпы ірі жобалар машина жасауға, құрылыс материалдарын өндіруге, сондай-ақ макулатураны қайта өңдеуге бағытталған.

Пікірлер