Кэмерон келе жатыр

1488
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон 23 сәуірде Өзбекстанға ресми сапармен барады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Gazeta.uz-ға сілтеп.

Кэмерон мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Бахтиёр Саидов арасында келіссөздер жүргізіледі. БАҚ-та тараптардың аймақтық қауіпсіздік пен климаттың өзгеруіне қатысты жағдайды қоса алғанда, негізгі мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты талқылайтыны айтылды.

Сонымен қатар, СІМ білім, сауда және іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға британдықтардың көбірек қатысуы тақырыбын қозғайды.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Орталық Азияға ресми сапары аясында барлық бес посткеңестік республика мен Моңғолияға баруды көздеп отыр. Оның Қазақстанға сапары 24-25 сәуірге жоспарлануда.

Еуропалық елдің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері саясаткердің сапарының басты мақсаты экономика мен білім саласындағы әріптестікті кеңейту, сондай-ақ аймақ мемлекеттерінің тәуелсіздігін нығайту мәселелері екенін атап өтті.

Өзбекстандық БАҚ Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Ташкентке ең соңғы рет 1997 жылы келгенін хабарлады. Ол кезде министр лауазымында Малкольм Рифкинд болған.

Пікірлер