Полиция көлігі мопед жүргізушісін қағып кетті

1597
Adyrna.kz Telegram
Фото: egovpress
Фото: egovpress

Алматыда патрульдік көлік автобус жолағында келе жатқан мопед жүргізушісін қағып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 23 сәуірде Жетісу ауданында болған. Полицияның патрульдік көлігі солға бұрылып, маневр жасағанда мопед жүргізушісін қағып кеткен. Адам шығыны болмады.

"Патрульдік полиция экипажы шұғыл шақыруға бара жатқанда, белгіленген ережелерге сәйкес қатаң түрде бұрылу маневрін жасады, алдын ала жарқыраған маяктар мен СГУ-ды қосты. Жол қозғалысына қатысушылар полиция көлігіне тоқтап, жол берді. Алайда қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүретін мопед жүргізушісі заң талаптарын елемей, патрульдік машинамен соқтығысты. Ол медициналық көмектен бас тартты. ЖКО фактісі тіркелді. "Chevrolet" автокөлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Өндіріс материалдары сотқа жіберіледі", – делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.

Пікірлер