Қарағандыда қоғамдық бірлестіктермен "Үздік аула" экологиялық акциясы өтті

1582
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда "Менің үйім, менің аулам, менің көшем, менің қалам, менің елім" деген ұранмен "Үздік аула" экологиялық акциясы өтті. Қаланың 500-ге жуық тұрғыны ПИК-пен бірлесіп аула аумақтарын тазалауға шықты. Бұл акцияны жақын маңдағы Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай қалаларының тұрғындары қолдады. Бүгінгі күні облыс бойынша 1000-нан астам азамат аула аумақтары мен кіреберістерін ретке келтіруде.

Кооператив төрағасы Людмила Давыдова жұмыла жасаған жұмыс ауызбірлікті нығайтып қана қоймай, өз аулаңды көріктендіруге көмектесетінін атап өтті.

Қалалық мәслихат депутаты Александр Бочаров қарағандылықтарды "Таза Қазақстан" акциясына белсенді қатысуға және шаһарымызды баршаға ыңғайлы әрі көрікті ету үшін тазалық шараларына үлес қосуға шақырды.

– Балалар ата-аналарына аула мен алаңдарды тазалауға көмектесті. Менің ойымша, бұл өскелең ұрпақ үшін тамаша үлгі, – деп атап өтті Александр Бочаров.

Экоакция аясында 1000 қап қоқыс жиналды.

"Таза Қазақстан" акциясы басталғаннан бері барлығы 4 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер