Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны жалғасып жатыр. Науқан қала тұрғындары мен бизнес қауымдастығын біріктірді. Алматылықтар ғашықтар күніне ағаш отырғызды, ардагерлерге қамқорлық жасады, балалар мен спорт алаңдарын жөндеді, акция аясында қоқыстарды тамаққа ауыстырды.
«Біздің қала – біздің аула, біздің үй» деп аталатын науқанның екінші аптасында көптеген өтінішке байланысты қала тұрғындарының бастамашыл топтарының қатысуы үшін орындар анықталды. Аудан әкімдіктерінің көмегімен жергілікті тұрғындар балалар мен спорт алаңдарын жөндеп, сырлады, көппәтерлі үйлердің аулаларына көшеттер отырғызды, сондай-ақ жыра, аңғарлар мен өзен арналарын қоқыстан тазартты. Тазалауға белгілі спортшылар, артистер мен қоғам қайраткерлері атсалысты. Жергілікті қоғамдастықтармен бірлесіп барлығы 3 618 аула аумағын тазартты (қалада барлығы 4020 аула).
Қызығушылық танытқан қала тұрғындары учаскелер мен үй ішілік аумақтарды көгалдандыру үшін 3 мың көшет алды, науқан басталғалы барлығы 10 мыңнан астам жапырақты ағаш отырғызылды. Қоршауды, орындықты, беседканы бояғысы келетіндерге Алматы әкімдігі тарапынан 1,5 мың литр лак-бояу материалдары берілді.
Қала тұрғындары қарттарға көмектесу туралы үндеуден қалыс қалмады. «Жақыныңа жәрдем бер» акциясы аясында белсенді азаматтар мен еріктілер 98 мұқтаж адамға, оның ішінде ҰОС ардагерлеріне, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетті. Еріктілер өз бақтары мен ауласын ретке келтірді, ағаштарды кесуге және қоқыстарды шығаруға, жеке үйлердің қоршауларын қалпына келтіруге және бояуға қатысты.
«Қоқысты кофеге/тағамға айырбаста» акциясы аясында балалар мен ересектер 737 кг қайта өңделетін шикізатты (138 кг пластик, 95 кг алюминий, 210 кг макулатура, 294 кг шыны) тапсырды. Акция осы жылдың 8 мамырына дейін жалғасады.
Барлық оқу орнында «Мектеп ауласының оазисі» ландшафты дизайн фестивалі өтті: балалар 500-ден астам ағаш отырғызды. Сондай-ақ, қаланың барлық мектебі қатысатын «Қоқыссыз мектеп» эко-марафоны өтіп жатыр. «Құстарға ұя сыйлайық» мектеп челленджі аясында 1 мыңнан астам құс ұясы жасалды. Олар мектеп ауласында, саябақтар мен алаңдарда орнатылды.
ЖОО студент жастарының күшімен (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЕТУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, АЭжБУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ, ҚБТУ, АГЭУ) 8 мың шаршы метр аумақты көркейтіп, тазартты.
Жастар және еріктілер ұйымдарының өкілдері 10 экологиялық акцияны бастады («Әлеуметтік шеберхана», «Батареяны тапсыр – топырақты сақта», «ЭкоСорт: таза қала үшін бірге», пластикалық, шыны және қағаз материалдарды одан әрі қайта өңдеуге беру үшін арнайы ұйымдастырылған пункттерге бөлек жинау, «Таза ойындар» аумақтарды жарыс форматында тазарту, «Бір қап қоқысты бір келі алмаға айырбаста», «Өмір ағашы: өз ағашыңды отырғыз» және т.б.).
Жеке кәсіпкерлік нысандарға іргелес аумақтарды жинау бойынша эко-челлендж басталды. Оған түрлі кәсіпорындар, зауыттар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, автосалондар және т. б. қатысты.
Баум тоғайында қоқыс жинаумен біріктірілген плогинг жарысы өтті. Қаланың 500-ден астам спорттық жүгіру қоғамдастығының белсендісі науқанға қолдау көрсетіп, сүйікті демалыс орнын қоқыстан тазартты. «Гүлдер» саябағында алғаш рет жас жұбайлар аллеясы ашылды, онда жас жұбайлар жапырақты қарағаштың 30-ға жуық көшетін отырғызды.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталғалы 1 050-ден астам аялдама кешенін, 249 бағдаршам нысанын және 3580 жол белгісі көтергіштерін жуу, 787 контейнерлік алаңды дезинфекциялау және жуу, 720 люкті көтеру, 3 248 орындық пен 6 450 қоқыс жәшіктерін сырлау, сондай-ақ рұқсат етілмеген жарнаманы жою және 120 нысанның аумағын тазалау (медициналық мекемелер, мектептер, кітапханалар және т.б.). Қаланың көше-жол желісінің магистральдық көшелерінде ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бүгінде 26,5 мың шаршы метрден астам асфальтбетон жабыны жөнделді.
Алматылықтар мен қала қонақтары 8 мамыр науқанының соңына дейін мегаполисті көркейтуге белсенді қатыса алады. 22-28 сәуір аралығында тауларда, өзендер мен су айдындарының жағалауларында, сондай-ақ қаланың саябақтары мен скверлерінде қоқыстардан жаппай тазалау және ағаш отырғызу өтеді. Осы кезеңде Алматыда «Таза қасбеттер» акциясы басталады, ол бойынша коммуналдық меншіктің әкімшілік нысандарының, коммерциялық құрылымдар ғимараттарының және тұрғын үйлердің қасбеті тазартылады.
Толық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.
Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.