Тәжікстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

646
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Тәжікстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жеткізді. Бұл туралы Тәжікстанның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, гуманитарлық жүктерді тапсыру рәсімі Сарыағаш қаласында өтті. Тәжікстан Қазақстанға азық-түлік, ауыз су, құрылыс пен төбе материалдарын жіберді. Душанбе мен Худжандадан 61 вагон мен 13 жүк көлігі келген. Жүктің жалпы салмағы 3,5 мың тоннаны құрап отыр.

Сарыағашқа Тәжікстанның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің басшысы Р.Назарзода да келді. Оның айтуынша, бауырлас қазақ еліне жеткізілген гуманитарлық көмек Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы – Ұлт көшбасшысы, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның тікелей тапсырмасы бойынша жеткізіліп отыр.

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрінің орынбасары мен облыс басшысы тәжік халқына жасаған көмегі үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 15 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жөнелткен. Германиядағы отандастарымыз да гуманитарлық көмек жинауға кірісті.

Пікірлер