“Шаңды дауыл”. Еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы күтіледі

1777
Adyrna.kz Telegram

"Қазгидромет" РМК жексенбі, 21 сәуір күніне Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Болжамға сәйкес, еліміздің көп аймақтарында жел тұрады, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, оңтүстік өңірде дауыл болады деп күтіледі.

"Республикамыздың басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады, соған сәйкес жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек күндіз Қазақстанның оңтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде аздап жаңбыр жауады деп күтіледі. Сондай-ақ республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады деп болжанады. Қазақстан бойынша желдің күш алуы түрінде ортақ табиғи құбылыс байқалады. Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады, ал солтүстігінде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп күтіледі” делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер