«Қамқоршы AMANAT» қоры несие борышкерлерін елдің экономикалық айналымына қайтаруды көздейді

1459
Adyrna.kz Telegram

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам»жобасын жүзеге асыру жұмысы жалғасуда. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың қаржылық сауатын арттыру. Жоба былтырсәуір айында бастау алғаннан бері 100 мыңнан астам адам оқудан өтті. Енді партиялықтар жеке қосалқы шаруашылықтарды аграрлық кооперативтерге біріктіру арқылы «Қарызсыз қоғам» жобасы түлектерініңтабысын арттыруға көмектесуге ниетті.

Осы мақсатта «AMANAT» партиясы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, «Halyk Bank»-тың және «Банк Центр Кредиттің» қолдауымен «Қамқоршы AMANAT» қоры құрылғаны туралы хабарлайды. Тиісті меморандумға бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов, «Halyk Bank» Басқарма төрағасының орынбасары Ертай Салимовжәне «Банк Центр Кредит» вице-президенті Анастасия Овсянникова қол қойды.

Дәулет Кәрібек «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылардың үштен бір бөлігінде екі және одан да көп несиесі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ балалары мен немерелерініңқарызын өтеуге мәжбүр зейнеткерлер де кездеседі. Жоба аясында барлығы 100 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Енді олардың табысын жоғарылату міндеті тұр.

«Партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы несие қамтын киіп, мұқтаждыққа тап болған азаматтарымызға тікелей әрі нақты қолдау көрсету үшін қолға алынып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл еліміздің барлық өңірінде жобаның екінші кезеңі басталады. Негізгі мақсатымыз – халқымыздың қаржылық сауатын барынша арттыру, сол арқылы азаматтарды қарыздың тұзағынан құтқару», деді ол.

«Қамқоршы AMANAT» қоры оқу-әдістемелік орталықтардың қаржыландыру көзіне айналады. Аталған орталықтарда тілек білдірушілер теориялық білім алып қана қоймай, ауыл шаруашылығының түрлі бағыты бойынша тәжірибелік дағдыларды игере алады. Қатысушылар үшін тәжірибелі зертханалар мен жобаларды толық жүзегеасыруға қажет барлық құрал қолжетімді болмақ. Бұған қоса, құрылып жатқан кооперативтерге лизингке өндірістік жабдықтар ұсынылып, қайтарымды гранттар беріледі.

«Жамбыл облысы Меркі ауданында«Агросауат» атты алғашқы орталық ашылды. Ауданда ауыл шаруашылығын дамыту әлеуеті жоғары. Тұрғындардыңбасым көпшілігінде шамамен 10 сотық жер бар. Көбісі бақша егеді, мал өсіреді. Алайда тек 1% ғана ауыл шаруашылығы өнімдерін сатады. «Қамқоршы AMANAT» қоры жеке-қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіріп қана қоймай,малды, тұқымды бірыңғай сатып алуға, машина-трактор стансаларынұйымдастыруға, өнімді сертификаттауға және өткізуге көмек көрсететін, қайта өңдеу жобаларын дамытатын, өнім сақтау қоймаларын салуға ықпал ететін және өзге де жұмыстар жүргізілетін тұтас экожүйеқұруға мүмкіндік береді», деді «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Ақмарал Бекмұрзаева.

Сондай-ақ оқу-әдістемелік орталықтар жеке-қосалқы шаруашылықтардың және кооперативтердің қандай тауарлар өндіруі керек екенін анықтау үшін әр ауданның және нақты ауылдың мамандануын анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Қарызсыз қоғам» жобасы былтыр 2 мамырда Halyk Bank-тың қолдауымен қанатқақты режимде бастау алды. Сарапшылардың дәрісінен бөлек, жобаға қатысушылар enbek.kz порталына тіркелу және ЖК ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу және берешекті өтеу кестесін әзірлеуге дейінгі түрлі сұрақтар бойынша кеңес алады. Сондай-ақ, оқыту барысында қатысушыларға заңгер көмегіне кепілдік беріледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша кеңес береді.

Курсқа жазылу үшін qogamfin.kz. сайтындағы нысанды толтыру қажет. Жобаға қатысушылар күндізгі форматта сауатын арттырып, бір топта 50 адамға дейін оқытылады. Дәрістің ұзақтығы – 5 жұмыс күні.

Пікірлер