Таразда ағаштар егіліп, саябақ аумағы абаттандырылды

1678
Adyrna.kz Telegram

Таразда "Таза Қазақстан" акциясы өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны бастау алған болатын. Ауқымды акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деген атаумен тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналды.

Соған орай бүгін “Жеңіс” саябағындағы Бауыржан Момышұлы ескерткішіне  санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысып, белсенді және ерікті жастармен бірге саябаққа тал көшеттерін отырғызды.

Жалпы осы күні демалыс орнына 500 түп раушан гүлі, 30 туя  мен 20 ясин ағашы егілді.

Республика көлемінде ұйымдастырылған ауқымды акцияның шеңберінде Тараз қаласында экологиялық іс-шаралар өткізілуде. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. Айшықты науқан алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер