Екібастұзда 2 вагон арасына адам қысылып қалды

2148
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-16-at-14.02.06.jpeg
Екібастұзда ер адам екі вагонның арасында қысылып қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Қайғылы оқиға бейнеге түсіп қалған. Алайда жігітті аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол вагондар арасында жүргенде автоматты қосқыштар қозғалып, дене қысылып қалған. Артынша ол құлап, дірілдей бастады, тұруға тырысқанымен, қайтадан құлады.
"Екібастұз қалалық полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы мен еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Комментарии