Туған күнінде қатаң сөгіс алған. Сумин тағы тойлата ма?

2152
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ұлының тойын 26 сәуірге белгіледі деген ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ұлысмедиаға сілтеп.

Ал министр су тасқыны кезінде той өткізгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

БАҚ-та ол «президенттің тапсырмасы бойынша алғашқы күннен бастап су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда болды және жоспарланған отбасылық іс-шаралардың барлығы тоқтатылды» деп мәлімделген.

Ал өзге БАҚ беттерінде  өткен күні Су ресурстары және ирригация министрі «қыз ұзату» - қалыңдықты жаңа отбасына ұзату рәсімін өткізгенін хабарлаған. Ал ер жігіт тарапынан үлкен той 26 сәуірге белгіленгенін айтты.

Айта кетейік, 2024 жылдың наурыз айының соңында министр Нұржан Нұржігітовке су тасқыны үшін қатаң сөгіс берілген болатын. Сол кезде ол жұмыстан кетуге ниеті жоқ екенін мәлімдеген.

«Маған қатаң сөгіс жарияланды, ендігі жерде атқарылған жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып жүргізілуде , шара қолданатын шығар», – деп жауап берді.

Министр мұндай тасқын су көлемі Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылындағы рекордтық көрсеткіш екенін атап өткен болатын.

Бүгінде сегіз облыста жергілікті төтенше жағдай режимі жұмыс істеуде.

Еске сала кетейік, министр Нұржігітов туған күні қарсаңында сөгіс алған болатын.

Пікірлер