Тұңғышбай Жаманқұлов: Мен шартты түрде түрмедемін!

5458
Adyrna.kz Telegram

Тұңғышбай Жаманқұлов қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды "adyrna.kz" ұлттық порталы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда қатаң қадағалауда жүрген Тұңғышбай Жаманқұлов шартты түрде түрмеде екенін жасырмады. Актер халықпен қанша жерден бірге болғысы келсе де, жалған жаланың арқасында үйден ұзай аламай отырғанын айтып берді. Өнер иесі адам көп жиналған жерде бой көрсете бермейтінін де жеткізген.

"Арыстағы жағдайға жетіп барғым келді. Оның алдында болған митингтерде заңдысы, заңсызы болсын арасында болғым келді. Бірақ мен қазір шартты түрде түрмедемін. Сондықтан маған көп жерде көріне беруге болмайды. Мені қарап отырған қызыл жағалы жігіттер "Аға, кішкене сабыр етіңізші, адам көп жерге бармаңызшы. Желіде сізді көрсете бермесін. Сіздің жауларыңыз, жақсы көретін, тырнақшаның ішіндегі, адамдарыңыз көріп қалып, мыналарың тайраңдап жүр ғой деп уәж айтады" дейді", - деп ағынан жарылды Тұңғышбай Жаманқұлов.

Диванда жатып жалыққан актер, тіпті жиһазды сындыратын жағдайға жеткенін айтып берді. Жұрт көрген күнді бірге көріп, қуанышы мен қайғысына ортақтасқысы келетін өнер иесі шарасыдығын жасырмады.

"Маған нақақатан жабылған жаланың арқасында шартты түрде үйден шықпауымның амалын жасап қойғаннан кейін, сүлдерім құрып, амалдың жоқтығынан диванда отырып, сықырлатып, сындырып жібере жаздаймын", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер