СҰЛТАН ЫБЫРАЙ: Гүлбаһрам Тарабаева - медицина ғылымының докторы атағын алған тұңғыш қазақ қызы

1372
Adyrna.kz Telegram

Тарабаева Гүлбаһрам Имамбекқызы медицина ғылымының докторы атағын алған тұңғыш қазақ қызы.

Әлихан Бөкейхан бір мақаласында мақтап жазған егінші Тарабайдың ұрпағы.

Жусанды (дермене, ермен) емдік мақсатта қолданған.

Тарабаева Гүлбаһрам Имамбекқызы қазіргі Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысында 1908 жылы 4-ші қазанда туған. 1925 жылы Қарқаралыда 2-ші дәрежелі мектепті бітіреді. 1926 жылдарының күзінде Гүлбаһрам Имамбекқызы Ташкенттегі «Орта Азия» университетіндегі медицина факультетіне оқуға түседі. 1931 жылы Орта Азия Университетін бітірген.

1932-1966 жылында Қарағанды, Лениногорск, Алматы қалаларының емдеу мекемелерінде дәрігер, ҚазКСРҒА-ның Өлкелік патология ғылыми-зертеу институтында (1963 жылдан ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында) еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторының меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері, токсикология зертханасын басқарды.

1966-1981 жылдарында осы академияның Тау-кен институтында аға ғылыми қызметкері, ғылыми консультант болды.

Негізгі ғылыми еңбектері кәсіби ауруларға арналған. Тарабаева эндокриндік бездерде силикоз (қорғасыннан улану) кезінде туатын өзгерістерге сипаттама беріп, бұл аурудан сақтану шараларын, дермене препаратын қолдану тәсілдерін ұсынды. Г.И. Тарабаеваның «Адам ағзасына мырыштың әсер етуі және емдік қасиеттері» монографиялық атты кітабы жарық көрді. Докторлық диссертацияны қорғап шыққан.

Тарабаева Гүлбаһрам Имамбекқызы медицина ғылымының докторы атағын алған тұңғыш қазақ қызы болды.

 

Sultan Ybyrai

 

 

 

Пікірлер