Тәжікстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді

1613
Adyrna.kz Telegram

12 сәуірде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі көктемгі су тасқынына байланысты жағдайды талқылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Тәжікстан президентінің баспасөзіне сілтеп.

Тәжікстан елінің басшысы еліміздегі ауқымды су тасқынына байланысты қолдау білдірді.

Ол Қазақстан үкіметінің табиғи апат салдарын оқшаулау және азайту бойынша қабылдап жатқан қажетті шаралардың тиімділігі мен маңыздылығын атап өтіп, олардың тез арада жойылатынына сенім білдірді.

Эмомали Рахмон Тәжікстан Республикасының Үкіметіне Қазақстанның зардап шеккен аудандарының халқына азық-түлік пен қажетті тауарлар түріндегі гуманитарлық көмек партиясын жіберуге шұғыл дайындалуды тапсырғанын атап өтті.

Мемлекет басшылары қазақ-тәжік ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылап, екі ел арасындағы әртүрлі форматтағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екендерін растады, делінген хабарламада.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер