«Тағы бір Салтанат». Ер адамның әйелді аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады

1387
Adyrna.kz Telegram

Қазнетте ер адамның әйелді аяусыз ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Бейнежазбаны желіге «Дети под защитой» қоғамдық қорының жетекшісі Жанна Ахметова жүктеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында болған.

«Тағы бір Салтанат есімді әйелді құтқару керек. Ол  11 жылдан кейін ажырасуға шешім қабылдаған. Күйеуінен әрең құтылған соң балаларын алып, Тараздан Алматыға көшкен. Енді ер адам экс-жұбайын аңдып, қайта оралуға мәжбүрлеп отыр. 1 сәуірде Life Town тұрғын үй кешенінде әйелге шабуыл жасап, телефонын сындырып, аяусыз ұрып-соққан. Балаларының анасын осындай күшпен ұруға бола ма?»—деп жазды белсенді.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді. "

«Бұл факт бойынша тексеру жүргізілді. Жиналған материалдар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді»,— деп түсіндінді ПД өкілдері.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

Пікірлер