ТЖМ 30 мың алматылықтың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты

1554
Adyrna.kz Telegram
Сурет: baq.kz
Сурет: baq.kz

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов  «Ақсай» бассейніндегі сел ұстайтын бөгетті салу кезінде ақша жымқырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Тексеру жұмыстары барысында мердігердің сел ұстайтын бөгетті салу кезінде өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Оның салдарынан Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Осыған байланысты «Қазселденқорғау» басшылығының алдында тиісті материалдарды процестік шешім қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді. Алынған нәтижелер бойынша ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр»,—деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, 11 сәуірде Алматыда селден қорғау бөгетін салған компанияның 775 млн теңге жымқырды деп күдіктеліп жатқаны хабарланған болатын.

Пікірлер