Рим Папасы Қазақстандағы жаппай зардап шеккендер үшін дұға етуге шақырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Vatican.news-ке сілтеп.
Рим папасы Франциск жалпы ауденция кезінде жұртшылықтан Орталық Азия елдерінің көптеген аймақтарына әсер еткен және мыңдаған адамды эвакуациялануға мәжбүр еткен Қазақстандағы жаппай су тасқынынан зардап шеккендер үшін дұға етуге шақырды.
"Мен дәл осы уақытта Қазақстан халқына рухани жақын екенімді білдіргім келеді. Мен баршаны осы табиғи апаттың салдарынан зардап шеккендердің барлығына дұға етуге шақырамын", - деді Рим Папасы Франциск ағылшын діндарларын ресми қабылдау кезінде.
Еске сала кетейік, Рим папасы 2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстанға іс-сапармен келген болатын.
Одан бөлек, Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері өңірлерден 97 071 адам эвакуацияланды.