Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы қайтыс болды

1563
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп. 

30 жастағы қазақстандық ағынды суды тазарту кезінде мерт болғаны анықталған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оны тоқ соққан.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 8 сәуірінде түстен кейін болған. Азамат Чонджу қаласындағы шыны зауытында тазарту қондырғысын тазартушы болған.

Қазір жергілікті полиция мен Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі тергеу жүргізуде. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың Оңтүстік Кореядағы зауытта қайтыс болғанын растады.

«Өндірісте қаза тапты, қазір туыстарымен байланысып, қажетті құжаттарды рәсімдеп жатырмыз», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Пікірлер