"Дүкен маңында". Құлсарыда ер адамның мүрдесі табылды

2580
Adyrna.kz Telegram
Фото: t.me/qr_tjm
Фото: t.me/qr_tjm

Құлсарыда ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында су басқан аймақта ер адамның мүрдесі табылды.

Жауаптылар мәйіттің құтқарушылар іздеп жатқан әкесі мен баласына қатысы жоқ екенін хабарлады.

"Тасқын су мәйіттерді де шайып кетіп, Құлсары қаласында мүрде табылды. Табылған мүрденің тасқын су кезінде жоғалып, іздестіріліп жатқан әкесі мен баласына қатысы жоқ", - делінген ТЖД хабарламасында.

Су тасқынында жоғалып кеткен әкелі-балалы әлі күнге дейін іздестіріліп жатыр.

"2024 жылғы 9 сәуірде сағат 12:27-де ТЖД құтқарушылары Жылыой ауданы Құлсары қаласы "Рамазан" дүкені тұсынан ер адамның мүрдесін тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырды", - деді облыстық ТЖД өкілдері.

Пікірлер