Сергеевка қоймасындағы су қауіпті деңгейге көтерілді

1437
Adyrna.kz Telegram
Фото: qaz-media.kz
Фото: qaz-media.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеевка су қоймасында су деңгейі көтеріліп келеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп. 

"Қазгидромет" РМҚ СҚО филиалы алдағы күндері бірнеше ауданы мен Петропавлда Есіл өзенінің суы тасиды деп болжаған.

«Солтүстік Қазақстан облысында 19 гидрологиялық бекет жұмыс істейді. Қазір су тасқынына байланысты мониторингті жиілеттік. Өңірдегі гидрологиялық жағдайға келсек, шағын Ақанбұрлық, Бабықбұрлық, Шарық өзендері деңгейінің тұрақты төмендеуі байқалады. Бұл өзендерде судың тасу деңгейі шегіне жетті деп айта аламыз. Сонымен қатар Тоқсан би гидрологиялық бекетінде де төмендеу бар, ал Сергеевка су қоймасында судың 418 см-ге көтерілгені байқалады, судың көтерілуі 400-430 см-ге жетеді деп болжанған. Алдағы тәулікте бірінші толқын өтеді деп күтілуде. Су ағыны Шал ақын, Есіл, Қызылжар ауданы және Петропавл қаласы арқылы өтеді», - деді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимова.

Жауаптылардың айтуынша, Есіл ауданында судың тасу шегі 14 cәуірде, Қызылжарда 21 сәуірде деп күтілуде. Одан бөлек, Петропавлға Сергеевка су қоймасынан тасқын 12-14 сәуірде келе бастап, 23 сәуірде шарықтау шегіне жетуі мүмкін.

Одан бөлек БАҚ-та Сергеев су қоймасы 50 жылда алғаш рет қауіпті деңгейге көтерілгені айтылды.

Пікірлер