"Жаңаөзенде жол жабылды". Жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

1764
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/7fbdc810d7cd0bd3c46a3f61d576498475a3bf77-960x500.jpg?token=db95af414526e0ac6ab7f98b17c6c0df
Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Су тасқынында "Жаңаөзенде жол жабылды" деп алаңдаушылық сипатта ақпарат таратқан жаңаөзендік тұрғынға қатысты іс қозғалды. Оның желідегі ақпараты жалған болған. Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, Жаңаөзен полицейлері күдіктіні бірден анықтады. Азамат ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-бабының 3-бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартып отыр.
"Қандай да бір жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", – дейді Жаңаөзен полициясы.
Комментарии