Бектенов: Мемлекет ешкімді баспанасыз далада қалдырмайды

1440
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды. Болжамға сәйкес, жақын арада бүкіл ел бойынша жауын-шашын болып, күн күрт жылынады деп күтілуде. Қардың тез еруінен су қоймалары толуда. Бүгінгі таңда солтүстік, шығыс және орталық аймақтардың 65%-дан астамы әлі күнге дейін қалың қар астында. Сондықтан алдағы уақытта су тасқыны қаупі бар өңірлерде алдын алу шаралары күшейтілді, ТЖМ-нің қажетті күштері мен құралдары дайындалды.

Премьер-Министр жөндеуге жарамды тұрғын үйлер мен инфрақұрылымның сапасына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су басқан үйлердің барлығы құжаттардың бар-жоғына қарамастан, қалпына келтірілетін болады. Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды. Осындай қиын жағдайда ірі, орта бизнес, сондай-ақ кішігірім компаниялар және елдің тағдырына бей-жай қарамайтын қарапайым азаматтар қол ұшын созып жатыр. Бюджет қаражатына қосымша тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, жоғалған мүлік пен мал шығынын өтеуге бағытталатын қомақты сома жиналды. Мердігер компаниялар осындай қиын жағдайды бизнеске айналдырмайды және барлық қаражат мақсатты түрде жұмсалады деп сенемін», — деді ол.

Пікірлер