Мирзиеев Ақтөбеде қаза тапқан өзбек азаматтары үшін үкіметтік комиссия құрды

1556
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қаза тапқан Өзбекстанның сегіз азаматының мәйітін жеткізіп, сондай-ақ оларды жерлеуді ұйымдастырумен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, марқұмдардың денесін тасымалдау үшін Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің әскери ұшағы бөлінген.

«Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандық әріптестерімен тығыз байланыста, сондай-ақ болған оқиғаның себептерін зерттеуде бірлесіп жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 3 сәуірде Ақтөбе облысының Самара-Шымкент тас жолының Маржанбұлақ ауылының маңында Өзбекстан Республикасының азаматы басқарған Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alhpard микроавтобустарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған болатын.  Алдын ала мәлімет бойынша, Өзбекстан азаматтары келе жатқан Toyota микроавтобусын ақаулық салдарынан қарсы жолаққа шығып кеткен жүк көлігі қағып кеткен.

Пікірлер