1930 жылы 4 сәуір күні Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) алқасының үкімімен Ахмет Байтұрсынов бастаған қырыққа жуық адам әртүрлі мерзімдерге қамалуға, жер аударылуға кесілген болатын.
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мырзағали Есболов, Хәлел Ғаббасов, Дінмұхамед Әділов, Жүсіпбек Аймауытов, Ғазымбек Бірімжанов, Әбдірахман Байділдин, Асқар Дулатов, Теміржан Есмағамбетов және тағы басқалары (барлығы 20 адам) ату жазасына кесілді.
Сол үкіммен Мағжан Жұмабаев, Елдес Омаров, Ибрагим Сәтбаев, Әбуәли Әділов, Асқар Әділов, Абдолла Ұзақбеков алғашында 10 жылдық мерзімге концлагерге кесіліп, бұл үкім кейін Солтүстік өлкеге жер аударумен алмастырылды. Ал Кәрім Жәленов, Дархан Кенжебаев, Төреқұл Мұратов, Ақбар Ыбыраев, Нұрлан Кәрібаев, Алғабек Байдуллаев бес жыл мерзімге концлагерге жіберілді.
Алаш қозғалысына қатысқандарды (Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне мүше болған және оларды жақтағандарды) Кеңес үкіметінің жаппай тұтқынға алу 1928 жылдан басталған еді.
1932 жылы 20 сәуірде ОГПУ үштігінің
Осы топпен бірге бастары істі болған Мұхтар Әуезов, Уәлихан Омаров, Біләл Сүлеев, Әлімхан Ермеков, Даниял Ысқақов алдын-ала тергеуде түрмеде отырған уақыты есептеліп босатылды.
“Алаш ісімен” 1930 және 1932 ж. сотталғандардан М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, А.Дулатов, К.Тоқтабаев елге қайтып оралмады. Ал қайтып оралғандары 1937 — 38 жылдардағы “үлкен террор” кезінде “халық жауы” деген жалған айыппен түгелге дерлік атылды.