SAKEN QAIYRBERGENULY: Су тасқыны - апат. Мол су - күш. Әрі несібе!

1946
Adyrna.kz Telegram

Калифорния штатының Су ресурстары департаменті қар өлшемі туралы соңғы қорытындысын жариялады. Тау шыңдарындағы қар қалыңдығы үнемі бақыланады. Қар, жауын - осы штаттағы су резервуарларын толтыратын ресурс. Ал сәуірдегі өлшем - алдағы маусымға қамдану үшін өте маңызды мәлімет болып саналады екен. Сиерра және Тринити тауларындағы қар қалыңдығын бақылау (зерттеу, талдау,есептеу) нәтижесінде, осы сәуірде Калифорния штатының сумен қамту деңгейі C деңгейінен, A+ деңгейіне жетілген. Су жағдайын өткен айлардағы жауын-шашын жақсартты ( Miracle March , Ғажайып наурыз деп атапты синоптиктер). Тіпті, құрғап жататын өзендер табанымен сәл де болса, ағын жүрді. Соған, жергілікті жұрт мәз.

Су ресурстарын есептеу және болжау неге маңызды? Ол ауыз су тұтынысын жоспарлауға ғана емес, ауыл шаруашылығына, өндіріске және табиғатқа жұмсалатын нәрді есепке алу, өндіріс қуатын соған сәйкестендіру үшін керек!

Осы жерге дейін оқысаңыз, және онсыз да белгілі нәрсені неге тәптіштеп отыр деген наразы ойыңыз болса, кешірім. Тек, шетелдік тәжірибе жайында оқыған деректі бөліскен түрім. Қазақстанда болған қарғын су тасқыны, әрине, апат. Мол су - күш. Әрі несібе! Көзі ашық, еліне, жеріне жанашыр азаматтар басқа елдердің су қадірін қалай асырып жатқанын білсе екен деген ниет.

 

Saken Qaiyrbergenuly

 

 

 

Пікірлер