Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

2182
Adyrna.kz Telegram

Астанада Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгін, 3 сәуір күнгі отырыс барысында «BAU» мейрамханасында Салтанат Нүкенованың соққыға жығылған сәті түсірілген видео көрсетілді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот отырысы барысында қылмыс орын алған «BAU» мейрамханасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар көрсетілді.

«Сағат 7:17-де Бишімбаев Нүкеновамен бірге лифт арқылы екінші қабатқа көтерілді. Бишімбаев лифттен шыққан кезде Нүкенованың басынан бірнеше рет ұрып, салдарынан Нүкенова еденге құлап түседі. Артынша Бишімбаев оны бөксе аймағынан бірнеше рет тепкілейді. Сосын ол оны шашынан сүйреп, басынан қолмен қайта ұрды. Сосын тағы да ұрды. Ол қайтадан құлап түсті. Сосын артынша шашынан көтеріп алып, кабинкаға сүйреп әкетті. Сосын таңғы сағат 08:08-де Бишімбаев кабинадан жалаңаш денесімен шығып, бардан спиртті ішіп алып, қайта оралды. Сағат 09:27-де Бишімбаев тағы да жалаңаш денесімен жалпы бөлмеге шығады. 09:58 минутта Байжанов мейрамханаға келді», - деп жазды прокурор Айжан Аймағанова қылмыстық іс материалдарындағы видеоның сипаттамасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бишімбаев сот отырысында Нүкенованы өлер алдында қалай соққыға жыққаны жайлы өз нұсқасын айтып берген болатын. Сондай-ақ, оның адвокаттары сотта жалған дерек көрсеткені үшін судьядан ескерту алды. Бұдан бөлек, Бишімбаевтың інісі, екінші айыпталушы Байжанов ағасының айғақтарға қатысты үгіттеу жасап отырғанын айтып, бөлек отыруды сұраған болатын. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер