“ТМД-дағы ең қымбат баға”. Қазақстандық депутат “Яндекс.Такси” қызметін сынады

1370
Adyrna.kz Telegram

Парламент Мәжілісінің депутаты Ислам Сұңқар «Яндекс.Такси» қызметінің тарифін сынға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Такси қызметінің құны бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 73-ші орында. 2024 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша такси қызметінің 1 км-ге құны $0,67 құрайды – бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылы Яндекс.Таксидің нарықтағы үлесіне алаңдаған мемлекеттік органдар бұл компанияның қызметін реттеуге әрекет жасағанын білеміз және біз жалпы нәтижені оң бағалаймыз. Дегенмен, біз Яндекс.Такси комиссиясының аймаққа және тарифке байланысты 11%-дан 17%-ға дейін өсетіні, сонымен қатар таксопарктер үшін тағы 4% комиссиясы бар екеніне назар аударып отырмыз », - деді Ислам Сұңқар сәрсенбі күні Мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда 200 мыңнан астам адам «Яндекс.Такси» жүргізушісі болса, оның 50 мың адамы бұл қызметті негізгі табыс ретінде, ал қалған 150 мың адамы қосымша табыс ретінде қарастырып отырғанын айтты.

«Осыдан біз қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмыстағы негізгі табысы жеткіліксіз және олар қосымша салық төлеуге мәжбүр деген қорытынды жасай аламыз. Өткен жылдың қорытындысын шығарған БАҚ қазақстандық такси жүргізушілерінің табысы медианалық жалақыдан екі есе көп екенін хабарлады. Бірақ біз кіріс пен жалақыны салыстыру орынсыз деп санаймыз, өйткені бұл салыстыруды қажет ететін таза пайда», - деді мәжілісмен.

Депутат түсіндіргендей, «Егер сіз Яндекс.Таксиде 1 мың теңгеге бір тапсырыс жасап оны шартты түрде комиссиялық төлемдерге бөлсек, мысалы бензинге, жууға, автокөліктің табиғи тозуына және т.б. барлық шығындарды алып тастасаңыз, онда жүргізушінің таза табысы шамамен 400 теңгені ғана құрайды».

«Осыны негізге ала отырып, Халықтық партия тұрақты туындайтын әлеуметтік шиеленістерге байланысты қазақстандық нарыққа шығатын «Яндекс.Такси» және басқа да компаниялардың комиссияларына тарифтік саясатты төмендету бойынша жұмыс жүргізуді және жұмыс платформасын ұсынатын отандық такси қызметін көрсету компанияларының дамуына қолдау көрсету тетіктерін әзірлеуді ұсынады», - деп қорытындылады Сұңқар.

Пікірлер