Оралда Шаған мен Деркүл өзендерінің су деңгейі көтерілуіне байланысты тұрғындар эвакуациялануда

1436
Adyrna.kz Telegram

Оралда Деркүл және Шаған өзендерінде судың шекті деңгейден асып кетуіне байланысты кейбір тұрғын үйлер мен саяжайларды су басуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөзіне сілтеп. 

Қала әкімдігі Шаған және Деркүл өзендерінің жайылмасында орналасқан саяжай тұрғындары мен онда 10 мыңнан астам адам уақытша қауіпсіз жерлерге көшіп жатқанын хабарлады. Уақытша баспанасы жоқ адамдар эвакуациялау пункттеріне орналастырылады. Тұрғындарды эвакуациялау үшін барлығы 12 автобус бөлінді. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін су басқан аумақтарда полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етуде.

Мамандардың бағалауынша, Деркөл өзенінің гидробекетінде су деңгейі 708 (қауіпті деңгейі – 600-650 см), Шағанда 1 264 сантиметрге, сондай-ақ Жайықта 583 сантиметрге жетті.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардан үрейленбеуді, ұсыныстар бойынша әрекет етуді, көмек қажет болған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Орал қаласының әкімдігі (@uralskakimat) 

Шаған мен Дерқұл өзендерінің деңгейінің көтерілуіне байланысты Самал ауданындағы саяжайларға су жеткені бұған дейін хабарланған болатын. Мичуринское, Біріккен, Ардагер, Звездочка және басқа да саяжай учаскелерінің тұрғындары эвакуациялануда. Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі нақтылағандай, бұл аумақта 1 мыңға жуық адам саяжайларда тұрады.

Пікірлер