Маңғыстау облысында тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, бір адам қаза тапты

1503
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы жер үйде қолдан жасалған жылыту қазандығында газ жарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқыс оқиға аудан орталығында 3 сәуір күні түнде тіркеліп, бір адам қайтыс болды.

«Жарылыс салдарынан жекеменшік үй толығымен қирап, Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиға таңға жуық болды. Бұл туралы «КазТрансГаз Аймақ» АҚ апаттық бригадасына төтенше жағдай қызметкері хабарлаған. Оқиға орнына жеткен мамандар үйде қолдан жасалған газ пеші орнатылғанын анықтады. Апат туралы аудандық әкімдік пен полицияға бірден хабар берілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауаға газ тарап, бөлме ішіне толған. Үйде орнатылған қолдан жасалған газ қазандығына қатысты тексеруші РЦКУ мекемесі бұрын осы жабдықты ауыстыру туралы ескерту берген екен. Бірақ үй иелері ол ескертуді елемегенге ұқсайды. Қайғылы оқиға себептері тексеріс қорытындысы бойынша анықталады», - деп жазылған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қоғаммен байланыс департаменті таратқан мәліметте.

Пікірлер