Ойын-сауық орталығында өрт шығып, 29 адам қайтыс болды

1566
Adyrna.kz Telegram
Фото: Анадолы
Фото: Анадолы

Ыстамбұлда ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт шығып, адам шығыны болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеп.

Бүгін, 2 сәуірде ойын-сауық орталығынан өрт шығып, 29 адам қаза тапты.

Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт ғимараттағы жөндеу жұмыстары кезінде шыққан.

Бешіктас ауданындағы 16 қабатты ғимараттың бірінші астында орналасқан.

«Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың бірінші қабатында жұмыс істейтін «Masquerade» ойын-сауық орталығында жөндеу жұмыстарының салдарынан тұтанған. Өрт туралы хабарлама алғаннан кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер мен дәрігерлер жіберілген. Өрт толығымен сөндірілді. Салдарынан 29 адам қаза тапты. Бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, емделуін жалғастыруда», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Пікірлер