"Кредитті өтеу мерзімі ұзартылмақ". Банктер су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі

1723
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан банктері су тасқынында зардап шеккендерге көмек көрсетпек, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Caravan.kz-ке сілтеп.

Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлаған.

«Екінші деңгейлі банктер су тасқыны салдарын жоюға және төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға, сондай-ақ кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге арналған шұғыл шараларды қолдайды», — делінген хабарламада.

Отандық банктер 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейін  жергілікті атқарушы органдардың тізімі бойынша су тасқынынан зардап шеккендер қатарына енген қарыз алушылардың кредитті өтеу мерзімін ұзартпақ. Одан бөлек қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларға төлемді уақтылы төлемегені үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейтіні айтылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер