Баспана мәселесі. Су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа қоныс қайдан беріледі?

1559
Adyrna.kz Telegram
Фото: ulysmedia.kz
Фото: ulysmedia.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі тасқыннан зардап шеккендерге арналған баспананың қайда салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Вице-министр Бауыржан Сыздықов тасқын салдарынан бүлінген үйлердің жаңа орнын арнайы комиссиялар анықтайтынын айтты.

БАҚ өкілінің "Жаңа үйлер қайда салынады? Бұрынғы орнында бой көтерсе, бір жылдан кейін қайтадан су алмайтынына кім кепілдік береді?" деген сауалына шенеунік мәселенің пысықталып жатқанын хабарлады

«Сіз дұрыс айтып тұрсыз. Біз әр жағдайдан сабақ алуымыз керек. Бүгінгі таңда Үкімет деңгейінде жұмыс тобы құрылғанын білесіз. Қазір әкімдіктер өз деңгейінде де осындай комиссиялар құрды. Олар оқиға орындарын зерттеп, тексереді. Бір де бір адам назардан тыс қалмайды. Осы комиссиялар мен жұмыс топтары ақылдаса отырып, сараптай отырып жаңа үйлер қай жерге салынатынын шешеді. Біздің пайымдауымыз бойынша, ол үйлер, әрине, қауіпсіз тұстарда салыну керек», - деді Бауыржан Сыздықов.

Пікірлер