Ақтауда өткен NOMAD MMA турнирінде 17 жастағы спортшы қайтыс болды. Бұл туралы Lada.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 31 наурызда "Батыр" спорт кешенінде NOMAD MMA бойынша балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы облыстық чемпионат кезінде болған.
Қайтыс болған спортшының қарсыласымен жекпе-жегі түсірілген видео әлеуметті желіде тарап кетті.
The Nomad MMA федерациясының айтуынша, марқұмның денсаулығының жарамды екені туралы арнайы медициналық анықтамасы болған.
"Жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы құлап қалды. Спортшыға алғашқы көмекті "Батыр" спорт кешенінің медициналық
Айта кетейік, Nomad MMA – аралас жекпе-жек стиліндегі спорт түрі, онда жауынгерлер қолмен және аяқпен соққы техникасын, сондай-ақ күрес техникасын пайдалана отырып, айқасады. Жалпы турнирге 300-ге жуық спортшы қатысқан.