Судья Қуандық Бишімбаевтан жауап алуға рұқсат берді

1548
Adyrna.kz Telegram

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

1 сәуірдегі сот отырысында судья Айжан Құлбаева айыпталушы Қуандық Бишімбаевтан жауап алу туралы өтінішхатты қанағаттандырды.

“Айыпталушы  сот тергеуінің кез келген сатысында жауап беруге құқылы. Сотта дәлелдерді қарау реті бекітілді. Заңға сәйкес, сот қорғау тарапының өтінішхатын қабылдау қажет деп санайды.  Куәгер Нұрқайдардан жауап алу аяқталған соң сот сотталушы Бишімбаевтан жауап алуға кіріседі. Содан кейін куәгерлерден жауап алу жалғасады”, - деді судья Құлбаева.

Айта кетсек, Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың кезекті соты алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Барлығы 12 алқаби бар, оның 10-ы негізгі, екеуі қосалқы. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды.
Пікірлер