Төтенше жағдай. Ақтөбеде қанша үйді су басты?

956
Adyrna.kz Telegram
Сурет: aqmeshit-aptalygy.kz
Сурет: aqmeshit-aptalygy.kz

Ақтөбе облысында 10-нан астам өзен арнасынан асқан, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Облыста 753 тұрғын үй, 10 әлеуметтік нысан мен саяжайдағы 99 үйге су кірген.

Облыстағы Елек, Жем, Торғай, Ырғыз, Ойыл, Қарақобда, Үлкен Қобда, Темір, Тамды, Қауылжыр, Ор өзендері көтерілген. Су басқан 5 аудан мен облыс орталығы Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды.

"187 аула мен 99 саяжай үйі зақымданды. Су тасқынына қарсы шараларға жеке құрамның 3 мыңнан астам қызметкері тартылды. Оның ішінде Маңғыстау облысының 52 қызметкері және Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен Алматы қаласынан келген 20 құтқарушы бар. 647 техникадан бөлек, іздестіру-құтқару жұмысына Қорғаныс министрлігінің алты тікұшағы жұмылдырылды. Су тасқыны салдарынан 6908 адам қауіпсіз орындарға көшірілді", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Дегенмен әлі де Ырғыз ауданындағы 4 елдімекенді су басу қаупі бар.

Пікірлер